{metadescription}
Атырау облысында ауа райының қолайсыздығынан екі бағыттағы жол жабылды

Атырау облысында ауа райының қолайсыздығынан екі бағыттағы жол жабылды

Атырау облысында күн бұзылды. Осыған байланысты 2 жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту берді.

«Қазгидромет» РМК-ның деректеріне сәйкес, 5 наурызда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді», - деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Ал «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, 5 наурызда сағат 14:00-ден бастап Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына (боран, көрінудің шектелуі) байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Сағыз» автожолының Доссор кентінен Сағыз ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Сондай-ақ сағат 14:40-та тағы бір жол жабылды. Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне қарағанда, Индер ауданының орталығы – Индербор кентінен Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылына дейінгі жолда көлік қозғалысы тоқтатылған. Бұл бағытта «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» жолы бар.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде