Алматыда 13 дүңгіршек бұзылды
Алматыда мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Фото: Алматы әкімдігі
10:05 07.03.2025
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, Медеу ауданында заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын бұзу жұмыстары толық аяқталды. Онда кондитерлік өнімдер мен көше тағамдары сатылған.
— Жангелдин көшесі, 22/1, Чайкина көшесі, 3, Жолдасбеков көшесі, 9/1, Самал-2 шағын ауданы, 2А, Тәттімбет көшесі, 9/1, Пушкин көшесі, ½ және 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орналасқан 6 нысан күрделі құрылысқа жатады. Сондықтан олардың тізімі жер ресурстарын басқару департаменті мен қала құрылысын бақылау басқармасына әрі қарай шара қабылдау үшін жіберілді, — деп хабарлады әкімдіктен.
Қазір мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 300-ден астам заңсыз нысан 222 ойын автоматы бұзылды. Сонымен қатар 32 күрделі құрылыс анықталып, оларды мәжбүрлі түрде бұзу үшін сотқа талап-арыз жолданды.
Заңсыз орнатылған инженерлік желілерді ажырату жұмыстары жалғасып жатыр, ал қалған 210 дүңгіршек 15 наурызға дейін бұзылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары