Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алаяқ Оңтүстік Кореяға жұмысқа жіберемін деп түркістандықтардың 92 млн теңгесін жымқырған
Түркістан облысында Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналастырамын деген желеумен тұрғындардың 92 миллион теңгесін жымқырған алаяқ сотталды. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.
Фото: pasport.online
11:33 07.03.2025
— Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс визасын жасап беремін деп алдап, 92 020 000 теңге ақшаларын алып алған, — делінген хабарламады.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram