Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау облысындағы кен орнында ауаға атқылаған газ алауы әлі тоқтаған жоқ
Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында ауа газ алауы әлі атқылап жатыр.
Фото: Видеодан алынған кадр
10:51 07.03.2025
«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Прорва кен орны Жылыой ауданында орналасқан. Аталған кен орнынан «Жылыоймұнайгаз» басқармасы мұнай мен газ өндіреді.
Кеше, 6 наурызда кен орнындағы № 437 ұңғымада перфорация жүргізілген. Содан кейін сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылаған. Ауаға атқылаған газдың салдарынан сорапты-компрессорлық құбыр істен шыққан.
— Бұл — консервацияда тұрған кен орны. Ондағы газ атқылауы әлі тоқтаған жоқ, -деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.
Телеграм арнасының бірі газ алауының биіктігі 20 метрге жеткенін хабарлады. Алайда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі бұл дерекке байланысты ақпарат берген жоқ.
Газ алауын тоқтату үшін «Ембімұнайгаз» АҚ-да жедел штабы құрылып, шұғыл шаралар қолға алынған. Кен орнының аумағы қоршалған. Газ алауын сөндіруге «Ақ Берен», «Семсер Өрт сөндіруші» мамандары тартылған. Сондай-ақ «СОП Атырау» ЖШС-нің мобильді күзеті жұмылдырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram