Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытқан
7 наурызда Алматы халықаралық әуежайының қызметкерін ер адам пышақпен қорқытты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
13:00 07.03.2025
Оқиға рейс алдындағы тексеріс аймағында болған. Сағат 11:45 шамасында ішкі рейстер терминалында (Т1) ер адам рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Авиациялық қауіпсіздікті тексеру қызметкері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Ал ол қызметкердің шашынан ұстап, оны пышақпен қорқыта бастаған.
Жеті минуттан кейін ер адамды желілік полиция және авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері қаруын тартып алды. Ер адам қазір полиция бөлімінде. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram