Доллар тағы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: istockphoto.com
15:49 07.03.2025
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,49 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 494,84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 492 теңге. Еуро 532 — 538 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 500 теңге, сатып алу құны — 493 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,45 — 5,55 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 7 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 495,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,54 теңге. Еуро — 535,28.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!