ШҚО-дағы тасжолдардың бірі ертеңге дейін жабық болады
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жолдардың бірі жабылды.
Фото: kazinform
16:08 07.03.2025
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданындағы тасжолдардың бірінде қар көшкіні жүру қаупі артты.
«Соған байланысты жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында 8 наурыз сағат 08.00-ге дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Көлік жүргізушілерін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз», — делінген ақпаратта.
Осыған дейін өңір құтқарушылары таулы жерлерде қар көшкіні түсуі қаупі жоғары екендігін ескерткен. Бұған күннің күрт жылытып, қардың жылдам ери бастауы себеп болып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!