{metadescription}
Алматы облысында 215 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

Алматы облысында 215 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

2024 жылы Алматы облысында жүргізілген ғарыштық мониторинг кезінде 215 заңсыз қоқыс орны анықталды. 

Алматы облысының аумағында 7 қоқыс полигон бар. Атап айтар болсақ, Қонаев, Алатау қалалары мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл және Талғар аудандарында. Оның 4-і мемлекет меншігінде.

Жыл сайын шамамен 430 мың тонна қалдық жиналады. Бұдан басқа, сұрыпталған қалдықтардың 530 мың тоннасы Алматы қаласынан Қарасай ауданының Айтей ауылындағы полигонға шығарылады.

"Былтыр Алматы облысында ғарыштық мониторинг жүргізіліп, 215 санкцияланбаған қоқыс үйіндісі анықталып, жойылды. Сонымен қатар, санкцияланбаған полигоннан шығудың 8 жағдайы тіркелді. Өңірде көлік шиналарын, картон-қағаз, пластмасса, әйнек және макулатура қалдықтарын қайта өндейтін 7 кәсіпорын жұмыс істейді", — деп жауап берді Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы Kazinform агенттігінің сауалына.

Қонаевтағы қызмет көрсету мерзімінен өтіп кеткен «Қарлығаш» саяжайы маңындағы қоқыс полигонына рекультивация жұмыстары жүргізілетін болады.

Қонаевта жаңа полигон құрылысы 2025-2026 жылдарға көзделген.

"Қонаев қаласының 2026 жылға дейінгі кешенді даму жоспарына сәйкес жаңа қатты тұрмыстық қалдық полигон құрылысын және қоқыс сұрыптау желісін салу жоспарланған. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Полигон құрылысы 2025-2026 жылдарға көзделген. Жаңа полигон салынғаннан кейін «Қарлығаш» саяжайы маңындағы қоқыс полигонына рекультивация жұмыстары жүргізілетін болады", — деп атап өтті басқармадан.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде