Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«ҚазАвтоЖол» бірнеше өңірдің жүргізушілеріне ескерту жасады
2025 жылғы 7 наурыз ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
Фото: istockphoto.com
20:03 07.03.2025
Сағат 16:00
Жамбыл облысы:
— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» 534-593 шақырым аралығы (Айша-Бибі а. — Түркістан облысының шекарасы).
Түркістан облысы:
— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» 593-620 шақырым аралығы (Түркістан облысының шекарасы — Т. Рысқұлов п.). Жолды 2025 жылғы 7 наурыз сағат 22:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 17:00
Жамбыл облысы:
— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаске (Отар а. — Қайнар а.). Жолды айналып өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 09:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 18:00
Абай облысы:
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы — Аягөз қ.);
— «Таскескен — Бақты — ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. — Үржар а.).
Жетісу облысы:
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Үшарал қ. — Абай облысының шекарасы). Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram