{metadescription}
Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталды

Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталды

Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

— Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырылған жер анықталып, 360 түрлі атыс қару, 12 граната және үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар бұрын ұрланған жеті қару анықталды, оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұдан бөлек, бұрын жоғалған алты қару тәркіленіп, 14 қару ерікті түрде тапсырылды, — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Polisia.kz-тің мәліметінше шара барысында атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүрудің 120 фактісі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Ішкі істер министрлігі азаматтарға қаруды кез келген уақытта ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар екенін және бұл үшін ешқандай құқықтық салдар болмайтынын еске салады, — делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде