Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық көлік апаты болды
Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: istockphoto.com
17:21 10.03.2025
"Таңертеңнен бері елордада 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Полиция департаменті жүргізушілерге барынша сақ болуын ескертеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство жүргізушілерге мына жайларға мән беруде ескертеді:
— Жеке көлікпен шыққанда ауа райына байланысты жарияланған ескертулерді бір қарап алған жөн (қар, бұрқасын, көктайғақ және т. б.);
— Шұғыл бұрылмау керек және алдыда келе жатқан көлікпен арақашықтықты әдеттегіден бір жарым, екі еседей алыс ұстаған жөн.
Қазіргі сәтте Астанадан шығатын барлық автожолдар жабық тұр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram