{metadescription}
Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 25 адам өмір бойына сотталды – Динара Зәкиева

Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 25 адам өмір бойына сотталды – Динара Зәкиева

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағандардың статистикасын атады.

"Кәмелет жасына толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасау қылмысы бойынша жыл сайын 900-ге жуық іс тіркеледі. Бұл 120, 121, 124-баптар. Ал әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң қабылданғаннан бері аталған қорқынышты қылмысты жасаған 25-27 тұлға өмір бойына сотталды", - деді ол.

Сондай-ақ уәкіл қылмыстың бұл түрі қай өңірлерде жиі тіркеліп жатқанын мәлім етті.

"Жыныстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар негізінен Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл сияқты өңірлерде тіркеледі", - деді Динара Зәкиева.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.