Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде полиция есірткі жеткізу арнасын жойды
Ақтөбеде көрші өңірлерден есірткі жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: polisia.kz
15:39 19.03.2025
Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп Ақтөбеде есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар кешенін өткізді.
"39 және 51 жастағы облыс орталығының тұрғындары ұстады. Оқиға орнын тексеру кезінде, көппәтерлі үйдің кіреберіс есігінің алдында марихуана есірткісіне ұқсас пакет табылып, тәркіленді. Бұдан әрі қызметтік итті қолдана отырып, ұсталғандардың біреуіне тиесілі автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан өсімдік тектес заттар салынған 1 пакет, сондай-ақ 6 патроны бар тіркеу нөмірлері жоқ тапанша табылды және тәркіленді. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша пәтердің балконынан жасыл түсті заттар салынған 1 орама тәркіленген", - делінген хабарламада.
Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар жалпы салмағы 14,5 келіден асатын марихуана есірткі заты болып шықты. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram