Мақалалар
Мақалалар - Қаныңыз тым қою болса ...
09.05.2021
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
Қандай сусындар қанның қоюлануына түрткі болады? Ағзадағы ауытқуды қалай анықтауға болады? Қанның қоюланып бұзылуын алдын алу үшін қандай сусындардан бас тартқан дұрыс? Адамның ауру- сырқаусыз өмір сүруіне ағзадағы басты сұйықтық – қан құрамының физиологиялық тұрақтылығы тікелей байланысты .Қан қоюланғанда құрамындағы жасуша өзгеріске ұшырап, жұмысын жөнді орындай алмай, қорек зат тасымалдау қасиеті нашарлайды. Қан қатты қоюланғанда эритроциттер бір- біріне жабысып,холестерин көбейеді, тіпті қантамырлар жарылып, инсульт, инфарктқа себепкер болады. Айтпақшы, стресс, күйзелу де қанды қойылтады.
Біздің күн сайын ішіп жүрген тамақтардың ішінде қанымыздың биохимиялық құрамын өзгертетін сусындар бар.
Қанды қатты қоюландырып, оның құрамын өзгертетін сусындар:
Газдалған тәтті сусындар.
Құрамында қант немесе оны алмастыратын фруктоза, синтетикалық тәттілендіргіштері бар. Ол ағзамыздың бүкіл жүйесіне теріс ықпал етеді.
Қою шай және кофе.
Құрамында кофеині өте көп. Шайда кофеин, гуаранға ұқсас танин заты бар. Бұл заттар қан тамырын тарылтып, жүрек қағысын жылдамдатады. Осы биохимиялық процестерде адреналинді көп өндіреді. Осының бәрі тек қаннға ғана емес, сонымен бірге тамырдың өзіне де кері әсер етеді.
Спирттік ішімдіктер.
Алкогольдің ағзаға зиянын бәрі де біледі. Қосарымыз, алкогольді сусын ішкенде ағзадағы сұйықтық жылдам шығады. Бұл ісінбеген кезде де болады. Нәтижесінде спирттік ішімдік ішкенде қан мөлшері азайып, ол қатты қоюланады. Қан тоқтату үшін қолданатын (жарақат алғанда, емге қолданатын) дәрілік шөптер - шайқурай, жусан, қазтаңдайдың спирттік тұнбасы, мысалы, тромбоциттің көбеюіне әкеп соғады.
Қою шырындар.
Былай қарасаң, бұл шырындар сұйық көрінгенімен, ағзамыз оны тамақ ретінде қабылдап, ол өз кезегінде ас қорыту процесін іске қосып, ферменттер мен сөл бөлдіреді. Ал қанды қатты сұйылтатыны, әсіресе – тұз қосылған қызанақ шырыны. Кейбір адамдар қызанақ шырыны ағзаны керемет тазалайды деп қателеседі.
Бұл сусындарды немен алмастыруға болады?
Ағзамызға сұйықтың жетіспеуін немен толтырамыз?
Таза газсыз суды көбірек ішу. Мамандар орташа алғанда, күніне екі литрге жуық сұйықтық ішуге кеңес береді. Тәулігіне таза судың жетіспейтін көлемін құрамында салицил бар сусындармен толықтыруға болады.
Қанды сұйылту үшін мынандай сусын дайындауға болады:
2 алма. Оның құрамында пайдалы лимон және шарап қышқылы бар, бұл қан тамырларының ішкі жағына холестериннің артық шөгінділерінен құтқарады.
20 грамм зімбір тамыры. Онда ерекше зат – генгерол бар. Генгеролдың фармакологиялық белсенділігі өте жоғары.
100 грамм қызыл жүзім. Қызыл жүзімдегі ресвератрол деген зат тамырды бекітіп, оның иілгіш қасиетін арттырады.
1 жақсы піскен анар. Оның құрамында көптеген миокард жұмысын жақсартатын көптеген дәрумен бар.
Жарты лимонның шырыны. Лимонның табиғи қышқылы қанды сұйылтады.
Барлығын блендермен үгітіп, дайын фрешті сүзгіден өткізіңіз. Сосын бір литр су қайнатып, оған жоғарыда айтылған қоспаны араластырып, бірақ уақытқа қойып қойыңыз. Күніне 20-50 гр. ішіп тұрыңыз. Тек бұл сусынды ас қорыту жолы ауыратын адамдарға ішуге болмайды – гастриті, дуоденит, асқазанында жарасы бар, аузында жарақаты барларға.
Анықтама:
Қанның ұюы.
Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қап түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп гс кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады:
1 — қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы;
2 тромбопластиннің тромбинге айналуы;
3 – тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін фибрин жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да, тромб пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатым, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан қабыршағы түсіп қалады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады
Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні, баяу болады, ал 3-ші күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық болады. 5,5-6 жаста қанның ұюы 1-2 минөттен кейін басталып, 3-4 минөтте анқталады. Сонымен қатар алғашқы күндері мөлшері аз громбопластин 3 аптада ересектердегідей болады, ал қанының плазмасындағы фибриногені анасының қанындағы мөлшерден біршама аз болады.
1 жастан 12-14 жасқа дейін қанның ұюы на қатысатын факторлар шамамен дұрыс қалыпта болады, бірақ өзгермелі келеді. Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жас оспірімдердің организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады. Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан кокбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады. Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның ішінде көкбауыр да бар. Мұны мен бірге, көкбауырда лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен, мұнда да біраз лейкоциттер ыдырайды.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...