Мақалалар
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мақалалар - Жаз мезгілін кеңседе өткізетіндерге 6 кеңес
22.07.2019
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
Жазда жұмыс үдерісі саябырсып, қарбалас шаруалар саны азаяды. Офистерде тыныштық орнайды. Бұл кезең - жеке және кәсіби тұрғыда даму үшін таптырмас уақыт.
Шет тілдерін үйрену
Қазіргі таңда бұл жоғары бағаланатын қабілет. Жұмыста және саяхатта өз септігін тигізері сөзсіз. Егер арнайы курстар мен репетиторларға шығынданғыңыз келмесе, смартфоныңызға қарапайым қосымшалар мен бағдарламалар жүктеп, үйренсеңіз болады.
Түрлі курстарға жазылу
Жаз айларында олар жеңілдіктер, науқандар, бірнеше айлық бағдарлама бірер күнмен ғана шектелетін экспресс-курстар ұйымдастырады. Өз қалауыңызға орай сол курстарды оқып шықсаңыз болады. Күзде әріптестеріңіз демалыстағы қызықтарымен мақтанса, сіз жаңа біліміңізбен мақтана аласыз.
Кітап оқу
Автобуста, метрода уақытыңызды кітап оқумен немесе аудиокітап тыңдаумен өткізіңіз. Таза ауада саябақта кітап оқу миды тыныштандырады.
Офисті тазалау
Заттарды бір қағидамен орналастырыңыз. Артық, керек емес заттардан арылыңыз. Жұмыс үстеліңіз бен шкафыңызды жиналып қалған қағаз макулатурасынан босатыңыз.
Жұмыстағы міндеттер аясын кеңейту
Басшылықтың алдында ынта білдіріп, демалысқа кеткен әріптесіңіздің орнына жұмысын жасаңыз. Бұл сізге білім мен тәжірибе, әрі қосымша табыс болмақ.
Жоба ұсыну
Қызметіңізге байланысты арнайы жобалар дайындап, басшылыққа ұсынсаңыз болады. Бірден жүзеге аспаса да, сәті келгенде бастығыңыз сіздің еңбегіңізді ескереді.
"Қыстың қамын жазда ойла" демекші, осы кеңестерге құлақ түрсеңіз, "жаңа" жұмыс кезеңін сіз қосымша біліміңізбен, жаңа идеялармен, жоспарлармен қарсы аласыз.
Оқи отырыңыз: Шетелге шықсаңыз, әр елдің визалық режимін ескеріңіз.
Айыппұлдар мен берешектерді беруді ұмытпаңыз.
Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея.
Жұмысқа орналасудың 7 жолы.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...
Қосымша шығарылымдарды көрсету