Мақалалар
Мақалалар - Салынып жатқан үйден пәтер сатып алу үшін нені білу қажет?
24.11.2020
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
Үй құрылысына үлестік қатысу деген не? Салынып жатқан үйдің үлескері болып көрдіңіз бе? Осындайдан опық жегендер бар ма? Олар қандай қателік жіберді? Салынып жатқан үйден пәтер сатып аларда не нәрсеге аса назар аудару қажет?
1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды мұқият оқып шығыңыз.
Тұрғын үйді құрылыс сатысында сатып алу – пәтер сатып алушы мен үй салушының арасындағы қатынас заңмен реттеледі.
Есіңізде болсын:
• Үй салушыда (уәкілетті компания) әкімдіктен үлескерлерден ақша тартуға рұқсат немесе Бірыңғай оператордың (бұрынғы – Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры) кепілдемесі болуы тиіс.
• Мәміле тек тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісіммен рәсімделеді. Шарттардың алдын ала, инвестициялық және басқа түрі заңсыз болып табылады.
2. Үй салушыдан құжаттар сұрау
• Әкімдіктен үлескерлерден ақша тарту рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі.
Әкімдіктің рұқсаты құжаты әкімнің немесе оның орынбасарларының қолы қойылған әкімдіктің ресми бланкісінде жасалады. Мәтінде нөмірі, берілген күні, уәкілетті компания мен құрылыс салушының атауы, БСН, нысан туралы ақпарат, пайдалануға берілген күн көрсетіледі. Ал Бірыңғай оператордың кепілінде бірыңғай оператордың ресми сайты жазылады.
• Уәкілетті компания туралы мәлімет, мекенжайы.
• Мемлекеттік тіркеуді растайтын куәлік.
• Жерге (учаскеге) арналған құжаттар.
• Аяқталған жобалар туралы және нысан туралы ақпарат (үйдің орналасқан жері мен параметрлері, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, аяқталу мерзімі, тартылған мердігерлер және т.б.).
3. Келісімшартты мұқият оқу
Құжатта:
• Негізгі ақпарат: тараптардың мәліметі, құрылыстың салыну мерзімі, мекенжайы, жалпы ауданы, бағасы.
• Учаскенің тиесілігі туралы форма (сатып алу-сату шарты, жеке меншік құқы акті, жерді тұрақты пайдалану актісі, әкімдіктің қаулысы немесе басқасы).
• Келісім жасау негізі (әкімдіктің рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі).
• Айыпақы мөлшері.
• Үлескерлердің ақшасын басқа банктік шоттарға тартуға жол бермеу туралы тармақ.
• Пәтерді қабылдау және беру тәртібі (бөлек келісіммен жүзеге асырылады).
• Кепілдік мерзімі. Тұрғын үйдің пайдалануға берілген күннен бастап кемінде екі жыл.
• Нысанның сипаттамасы мен үлестің жоспар-схемасы.
• Төлем тәртібі. Құны тұрақты және оны арттыру мүмкін емес. Ақша құрылыс компаниясының банктік шотына салынады.
Тараптардың міндеттері
Үй салушы:
- келісімшарт және рұқсат құжаттарды таныстыруға ұсыну;
- белгіленген мерзімде құрылыс жұмысын қамтуға, құрылыстың аяқталуына және пәтер берілуін қамтамасыз етуге;
- бұзушылықтарды жою;
- кепілдік мерзім ішінде тұрғын үйді жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес сақтау;
Үлескердің міндеттері:
- қаражатты құрылыс компаниясының шотына салуға;
- пәтерді қабылдап алуға;
- техникалық паспортты әзірлеу және меншік құқығын тіркеу шығынын төлеуге;
- тіркелгенге дейін пәтердің жобасын қайта жоспарламауға.
Үлестік қатысу шарты үш дана болып істеліп, әкімдікте тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
4. Келісімшарттың тіркелгеніне көз жеткізу
Әдепкі қалпы бойынша тіркеу құжатының көшірмесін поштамен немесе қолма-қол қолхатпен жеткізіледі. Тіркеуді растау болмаса, үй салушымен хабарласу.
5. Үй құрылысын бақылау
Құрылыс компаниясы ай сайын өзінің сайтында құрылыс барысы туралы фото-есеппен бірге ақпаратты жаңартып отыруға міндетті.
Материал "Крыша.кз" сайтынан аударылып алынды.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...