Лента новостей
Лента новостей - Ғалымдар ми обырын несеп талдауы арқылы анықтауды ойлап тапты
Выпуск от 21.06.2021
В этом выпуске:
Жапон ғалымдары ми және жұлын обырын аурудың ерте сатысында несеп талдауы арқылы жүз пайыздық дәлдікпен анықтауды үйренді.
Бұл туралы Applied Materials & Interfaces журналында жарияланған зерттеулер арқылы белгілі болды. Жапониядағы Нагоя университетінің ғалымдары несеп талдауы арқылы орталық жүйке жүйесінің ісігін аурудың бастапқы кезеңдерінде диагностикалауға мүмкіндік беретін технология ойлап шығарған. Олар организмде қатерлі ісік болған жағдайда оның обыр жасушалары микроРНҚ өндіре бастайтынын байқаған.
Осылайша, ғалымдар осы микроРНҚ-ны ісіктің биомаркері ретінде қолдануды үйренді. Ол үшін мырыш тотығының 100 миллион наносымдарынан тұратын жаңа құрылғы жасалды. Бұл технологияның басты ерекшелігі – ол ми обырын аурудың еш белгілері болмаған кездің өзінде ісіктің мөлшері мен аурудың сатысына қарамастан айқындауға мүмкіндік береді.
Құрылғыны дені сау адамдар мен онкоауруға шалдыққан жандардың несеп үлгілеріне сынақтан өткізген. Зерттеу нәтижелері 100 пайыздық дәлдікті көрсетті. Ғалымдар жаңа әдісті клиникалық практикаға енгіземіз деп үміттеніп отыр. Себебі ми обырын несеп талдауының көмегімен диагностикалау қымбат жабдықты да, күрделі манипуляцияны да қажет етпейді.
Дереккөз: baq.kz
Популярное
Последние выпуски
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...