Лента новостей
Лента новостей - Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адамға рақымшылық жасалады
Выпуск от 23.09.2022
В этом выпуске:
Қаңтар оқиғасына қатысқан 1520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратураның ашық талқыға шығарылған «Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының жобасы негізіндегі консультативтік құжатында көрсетілген.
«Қаңтардағы оқиғалар бойынша іс жүргізуде рақымшылық жасауға жататын 391 қылмыстық іс бар. Олар бойынша 383 күдікті айыпталушы ретінде өтіп жатыр. Бұлтартпау шаралары бойынша: ешқайда кетпейтіні туралы қолхат – 153, күзетпен ұстау – 147 адам, үйқамаққа алу – 24, кепіл – 19, жеке кепілгерлік – 2, бұлтартпау шарасы таңдалмаған – 28, іздеуде – 10. Сондай-ақ, соттың іс жүргізуінде 102 адамға 36 іс бар. Сотталғандар - 1 035, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілер – 93, пробацияда-930, айыппұл тағайындалды – 3, қоғамдық жұмыстар – 9. Ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мәселені шешу үшін ұсынылатын реттеу – рақымшылық жариялау», - деп көрсетілген құжатта.
Бас прокуратура ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен толық босатуды ұсынып отыр.
Ал ауыр және аса ауыр қылмысқа барғандардың жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.
Осы орайда мемлекетке опасыздық жасау, жаппай тәртіпсіздік, сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырған, террористік және экстремистік қылмыс жасаған, азаптаған және қылмысқа қайта барған азаматтарға рақымшылық жасалмайды.
Ұсынылып отырған консультативтік құжатты талқылау 14 қазанға дейін жалғасады.
Еске салайық, Президент өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауды ұсынған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Популярное
Последние выпуски
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...