Лента новостей
Лента новостей - Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді
Выпуск от 15.03.2024
В этом выпуске:
Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оларға Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Оразаға тұспа-тұс келген биылғы жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Барша мұсылман қауымы Рамазан айын асыға күтеді, осы қасиетті айда ең асыл тілектерін тілеп, дұғаларын жасайды. Жұртшылық иманын күшейтіп, рухани тазарады. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмектеседі, басқа да игі амалдар жасайды. Мұндай қадамдар, түптеп келгенде, әр адамға, әр шаңыраққа береке әкеледі. Сол арқылы еліміздің ынтымағы арта түседі», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам дінін төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін айтып, ата дініміздің адамзатты мейірімді, адал, білімпаз және еңбекқор болуға үндейтінін жеткізді.
«Осы асыл қасиеттер халқымыздың салт-дәстүрінен де айқын көрінеді. Өздеріңізге мәлім, мен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы үнемі айтып жүрмін. Құрылтай кезінде де айттым. Еліміздің әрбір тұрғыны нағыз «Адал азамат» болуы керек. Біз жас ұрпақтың бойына ұдайы жақсы қасиеттерді сіңіре беруіміз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, озық ел болу үшін азаматтарымыздың мінез-құлқы, іс-әрекеті, ойы, ниеті – бәрі де соған сай болуы керек. Бұл орайда жастарға адал еңбекпен табысқа жету қажеттігін түсіндіру, ел ағаларының өмірлік тәжірибесін үйрету өте маңызды.
Президент бүгінгі Ұлттық құрылтай жиынында дін мен дәстүрдің бірлігіне арнайы тоқталғанын атап өтіп, ұлттық болмысымыздың арқауы саналатын осы екі құндылықты бір-біріне қарсы қойып жүрген теріс ағымдар жөнінде алаңдаушылығын білдірді
«Ашығын айтсақ, дін мәселесі бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз сырттан келген жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеуіміз керек. Бұған салт-дәстүрімізді сақтау және саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы төтеп бере аламыз. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айрықша рөл атқаруға тиіс. Иман жолына бет бұрған жастарға дұрыс бағыт сілтеу – өте маңызды міндет. Мүфтият осы іске баса мән беріп, мұқият айналысқаны жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы еліміздің жаңашылдық пен жасампаздық жолына түскеніне назар аударды. Бұл – Наурыз мерекесімен және Ислам құндылықтарымен толық үндесетін сара жол.
«Биылдан бастап елімізде әз-Наурыздың онкүндігін жарияладық, яғни әр күнді ерекше атап өтетін болдық. Бүгін 15 наурыз – «Қайырымдылыққа» арналған. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елімізде көптеген игі істер жасалуда. Халқымыз жанашырлық, тілеулестік, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттерін іс жүзінде көрсетіп жатыр. Бұл, шын мәнінде, озық қоғамға тән сипат деуге болады», – деді Мемлекет басшысы.
Ауызашарда Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Илья Жақанов, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов, Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов сөз сөйледі.
Популярное
Последние выпуски
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...