Еліміздің бірнеше  әуежайында кез-келген сәтте апат болуы  мүмкін
0 1229

Еліміздің бірнеше әуежайында кез-келген сәтте апат болуы мүмкін

Автор: Ербол Сейілхан
29.01.2015
Аймақтық әуежайларда кез-келген сәтте апат болуы әбден мүмкін. Себебі қаржыдан тарыққан әуежайлар жолаушылардың өмірін қауіп-қатерге тігуде. Еліміздегі бірнеше қаланың басты әуе қақпалары өз-өзін ақтай алмай, қып-қызыл шығынға батып жатыр. Жаңа құрылғы сатып алатын ақшалары да жоқ. Сондықтан басқа амалы қалмаған Үкімет қону алаңы тозған, техникасы ескірген әуежайларды жаппай жекеге беруге мәжбүр.

Еліміздің басты әуе қақпаларының аты затына сай емес. Мысалы, мынау Көкшетаудың әуежайы. Ол қаңырап қалған ауылға көбірек ұқсайды. Кісі қарасы өте  аз. Үнемі басынан дау арылмайтын Петропавл әуе қақпасының да жағдайы мәз емес. Техникасы ескірген ұшу-қону алаңы тозған. Осындай «қара тізімге» Семей әуежайы  еніп отыр. Осы 3 стратегиялық нысанның акциясы жүз пайыз мемлекетке тиесілі болса да қып-қызыл шығынға батқан. Тіпті банкротқа ұшырауы да ғажап емес.

Клод Бадан, Airport Management Group бас директоры:

-Шынымен де, осы 3 әуежайдың қаржылық жағдайы мүшкіл. Қону алаңдарының жылдар бойы жөнделмеуі ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Түйткіл шешілмесе, жүк тасымалын былай қойғанда жолаушылар саны күрт азайып кетуі мүмкін.

Түйткілді шешуге мемлекеттік әуежайларды басқару үшін құрылған  компания дереу іске кіріскелі отыр. Қазіргі таңда еліміздегі 6 әуежайдың  100 пайыз акциясы осылардың қолында. Енді Үкімет Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Семей мен  Өскеменнің басты әуе қақпаларын дәл осы шетелдік азамат басқаратын компанияның қарамағына бермек. Яғни, ұзын саны  11 әуежай жекенің қолына өтеді.

Сөйтіп стратегиялық нысандардың 90 пайызына қожалық ететін компанияның уәдесі тым көп. Басынан бағы тайған жер-жердегі ұшу қону алаңдарын жөндеп жаңадан терминалдар салмақ. Бірақ, мұның бәрі әзірше жоспар ғана. Ал басты әуе қақпаларын иелігіне алып жатқан компанияның өзі сынның астында қалды. Себебі оның құрамына кіретін Астана әуежайындағы баға қонақтар мен жолаушыларды шошытып отыр. Мәселен,  мұнда самса 500, ал сүт қосылған бір кесе шай 300, жарты литр  су 290 теңге тұрады.

Абдолла Смағұлов, Астана қаласының тұрғыны: 

- Әрине, қымбат жоқ. Түсіру керек. Біз мұннан тамақтанбаймыз, қымбат болғасын.

Талай сыннан кейін Астана әуежайының басшылығы аспандаған бағаны түсіруге уәде етуде.

- Ал күйі кеткен әуежайларды  жөндеп халықаралық талапқа келтірумен ендігі жерде шетелдік инвесторлар айналыспақ.  Ол үшін алдағы 6 жылда 160 миллиард теңге инвестиция тарту көзделіп отыр.Бұл қаржыға жүк пен жолаушы тасымалын арттыру жоспарлануда. Тағы бір ауқымды міндет бар. Ол  мемлекет меншігінен шығарылып жекеге өткізілетін әуежайларды  алақан жаю бермеуге үйрету.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.