Ақтауда жүргізушілер жедел жәрдем көлігін тойға мінген басшыларының былығын әшкереледі
0 2877

Ақтауда жүргізушілер жедел жәрдем көлігін тойға мінген басшыларының былығын әшкереледі

Автор: Сандуғаш Шортанова
25.02.2015
Ақтауда медициналық мекеме басшысы жедел жәрдем көлігін тойға мінген. Тіпті қызметтік машинамен балық тасытқызады екен. «Бірнеше жылдан бері жалақыны өсірмей, сыйақы да бермей жүрген Болат Тайшыбаевтың осындай былықтары бар» дейді мекеменің жүргізушілері. Бас дәрігер әрине мұның бірін де мойындаған жоқ. Алсыйақының төленбеуін артық ақшаның жоқтығымен түсіндіреді. Солай дей тұра есепшілеріне 60 мың теңгеден ақша үлестіріпті.

Талай өмірді құтқару үшін өз өмірін қатерге тігіп, жедел жәрдем көлігін ұйтқыта айдайтын осы жандар. Барлығы мұнда кемі 5 жылдан жұмыс істеген. Алайда осы уақыт аралығында жалақы мүлдем өспепті.

Дәурен Шанаев, Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

- 5 жыл бұрын 65 мың алатын едік. Қазір 2015 жыл  болды, сол жалақыны алып отырмыз.

65 мың теңгеге мемлекеттің жұмысын да, басшының жеке шаруасын да атқарып жүрміз дейді жүргізушілер. Бас дәрігер жедел жәрдем көлігімен шалғай аудандарға адамның мәйітін тасытып, балық алдырады екен. Енді тойға мінуге көшіпті.

Көңілімқос Сәрсенов, Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

-Бізде 17 машина. Жеткіліксіз машина. Бастығымыз болса, машинаны тойға мінеді Өзенге.

Осылайша еңбек етіп жүрген жүргізуші, дәрігер, фельдшерлерге сыйақы да берілмейді екен. Есесіне есепшілерге сыйақыны еселеп тұрып төлейтін көрінеді. Мұны жүргізушілер қолдарына кездейсоқ түскен есеп қағазынан байқап қалған. Осыны камера алдында түсіндіруін өтінген жұмысшыларына мекеме басшысы дөрекі жауап берді.

 - Ей, сен не деп тұрсың? Рұқсат қайда?

- Неге бухгалтерия сыақы  алады, 63 мың, 43 мыңнан алады. Сіз қол қоясыз ғой.

 - Иа, ал несі бар?!

- Біздер неге алмаймыз?

- Сен неғыл деп алуың керек?!

Сыйақы бәрібір берілмейді дейді жедел жәрдем басшысы. Ал қызметтік көлікті жеке мақсатына пайдаланғанын мойындамай отыр.

Болат Тайшыбаев, Ақтау қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері :

 -Жаңаөзенге тойға барады екенсіз?

 - Қайдағы той?

 - №843-ші  машинамен Өзенге барғансыз!

- Мені Ералыға жібергенсіз мәйіт алып баруға.

Бухгалтерлердің есеп қағазында өздеріне артық жұмыс күнін қосып алатыны да көрсетілген. Камераның алдынан көлбеңдеп кетпей қойғанымен, бас есепші мұны түсіндіруден бас тартты.

-Мен Сізге ештеңе айтпаймын. Тексеруші келсін.

-Жедел жәрдем станциясында таяуда тексерістің басталуы әбден мүмкін. Жүргізушілер мекемеде болып жатқан заңсыздықты тізіп, облыс әкіміне, еңбек басқармасына және облыстық прокуратураға шағым түсірді. Бұдан оң нәтиже болмаса дәлелдерді түгел тізіп Денсаулық сақтау министрі мен Бас прокуратураға жолдамақ.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Загрузка...

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.