Депутаттар жалақыларын қысқартуға тегіс қарсы шықты
0 5452

Депутаттар жалақыларын қысқартуға тегіс қарсы шықты

Автор: Жәудір Оразхан
25.02.2015
Депутаттардың жалақысын қысқартқаннан бюджет байып кетпейді. Бүгін мәжілісмендер ресейлік әріптестерінің бастамасын қолдағысы келмей, осылай деп қарсылық білдірді. Бұған дейін Дума депутаттары қазына қаржысын үнемдеу үшін айлықтарын қысқартуды ұсынған болатын.

Халық қалаулыларының айтуынша, Ресей депутаттары айына  3 миллион теңге, ал біздің мәжілісмендер жарты миллион теңгеге жуық жалақы алады. Яғни, екі елдің парламентін салыстыруға келмейді екен. Оның үстіне жалақыдан үнемделетін 1-2 миллиард теңге мемлекеттің жыртығына жамау болмайды деп депутаттар. Бүгін екі жылдық бюджетке тиімсіз шығындарды қысқарту туралы өзгеріс енгізіп, құжатты қабылдаған мәжілісмендер өздерінің жалақысына келгенде осылай жылап қоя берді.

Нұрлан Әбдіров, Мәжіліс депутаты:

-Депутаттар жалақысыз қалсын дейсіңдер ме? Біздің де  отбасымыз бала-шағамыз бар ғой.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Ресейліктермен салыстыруға болмайды. Олардың жалақысы  бірнеше есе көп. 

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Загрузка...

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.