Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда 2022 жылы өтетін ақ олимпиаданың бюджеті қысқартылмақ
Ұйымдастыру комитеті шамамен 550 млн. долларды үнемдеуді көздеп отыр. Бұл Халықаралық олимпиада комитетінің техникалық комиссиясының тексерісінен соң жасалған.
Автор: Олжас Байжан
06.03.2015
Мәселен, Шымбұлақта өтуі тиіс тау-шаңғы спорт түрлерінің барлығы Алматау базасына, ал фристайл мен сноуборд «Тау парктен» Ақбұлаққа ауыстырылмақ. Осындай өзгеріс болса, аталған екі нысанда күрделі жөндеу жүргізу қажет емес. Мәселен, Шымбұлақта тілшілерге арнайы медиа-орталық салынбаса, 100 млн доллар үнемделеді екен. Алдын ала есеп бойынша тағы 450 млн доллар салынатын инфрақұрылымдар азайғандықтан қоржында қалады. Паралимпиада ойындарының кестесіне өзгерту енгізу арқылы следж-хоккей Мұз аренасынан Балуан Шолақ спорт сарайына ауыстыру көзделіп отыр. Сонымен қатар олимпиада қалашығындағы орын саны 1 мыңнан 350-ге дейін қысқартылды. Айта кетейік, 2022 жылғы ақ олимпиаданы өткізуге Алматымен қатар Қытайдың Бейжіңі де үміттеніп отыр.
Илья Оразақов, Алматы қалалық халықаралық спорт жобалары дирекциясы мемлекеттік қорының директоры:
– Біздің жоспарымызды көрсететін файл халықаралық комитет кеңсесіне жіберілді. Оның ішінде ойындардың шығыны мен спорт нысандарының арасындағы қашықтықтың азайғандығы көрсетілген. Сондықтан маусым айында штаб-пәтерге өзіміз барып, тағы бір мәрте мәлімдеме жасаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram