Ақтауда жүкті келіншектің өліміне кінәлі дәрігерлер жазадан оңай құтылды
Жүкті әйелді ақылы негізде босануға мәжбүрлеп, ақыры ажал құштырған ақтаулық 3 дәрігерге сот 2 жылдан шартты жаза кесті. Және олар марқұмның туысына 6 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.
Автор: Сандуғаш Шортанова
19.03.2015
Босануға келген Қалима Бисеноваға дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпеген. Кесарево тілігін жасау үшін ақ халаттылар қомақты ақша сұрапты. Алайда қаржыны төлегеніне қарамастан, келіскен акушер-гинеколог алдынан шықпапты. Медициналық көмек кеш көрсетілгендіктен Қалима операция үстелінде жан тапсырды. Баласы да шетінеп кетті. Сондықтан дәрігерлерге өз жұмысына салғырт қарау салдарынан адам өліміне әкеп соқтырды деген айып тағылды. Сол бап бойынша қалалық перзентхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы болған Жәмилә Керімбекова шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 1 жыл медициалық қызметпен айналысуына тыйым салынды. Ал босану бөлімшесінің меңгерушісі Сағира Аймекен мен анестезиолог Сүндет Сарбасовтың 2 жылға бас бостандығы шектелді. Бұлар жұмыс орнындарында қала бермек. Ал 6 миллион теңге моральдық шығынды бұлар жәбірленушіге өзара бөліп төлеуі тиіс.
Айнұр Ахметдинова, марқұмның туысы:
-Апамның орнын толтыра алмаймын. Дегенмен әділ шешімге жеттім. Сол кінәлі дәрігерлер жазасын өтейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!