Ақтөбеде мүгедек қыздың қайсарлығы жұртты таңқалдырды
Ақтөбеде 7 жасар мүгедек қыздың қайсарлығы дені сау жандарды таң қалдырды. Туғанынан арбаға таңылған Тамина қайырымдылық концертін өткізіп, түскен қаржыны өзі секілді дертке шалдыққан бес жасар бүлдіршінге табыстады.
Автор: Жаңалық Ахаш
26.03.2015
Омыртқасы туабітті ауруға шалдыққан Таминаның қайсарлығы он екі мүшесі түгел көрерменді тәнтті етті. Анасы сәби кезінен арбаға таңылған қызының, қиналса да, бала болып ешқашан мұңайғанын көрсетпегенін айтады. Ән шырқағанда ауруынан жазылып, қанат біткендей болады екен. Ал сәл қозғалса сүйегі сына беретін Алексейдің жағдайын естігенде Тамина оған көмектескісі келіпті. Жақындарының көмегімен қайырымдылық концертін өткізіп, түскен ақшаны мүгедек баланың анасының қолына табыстады. Жеті жасар әншінің алда тағы осындай бірнеше концерт беру ойында бар.
Тамина Әлиманова, жас әнші:
-Аяп кеттім. Сосын мен ойладым оған көмектесу керек шығар деп ойладым. Сосын енді осында келіп көмектесуге келдім. Концерттен жинаған ақшамды әрбір балаға беремін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!