{metadescription}
0:000:00
Ақорданың аспаздары Назарбаевтың сүйікті тағамын атады

Ақорданың аспаздары Назарбаевтың сүйікті тағамын атады

Президенттерге қойылатын ас мәзірінің құпиясы ашылды. Бүгін Елордада президент пен оның шетелдік әріптестерінің Қазақстанға келгенде қалай ауқаттанатыны жазылған кітап жарық көрді. Кітапта бірінші басшылардың не ішіп жейтіні, оларға даяшылардың қалай құрмет көрсетуі тиіс екеніне дейін жазылған. Тек  VIP-тұлғалар отыратын дастарханнан бүгін тілшіміз Ербол Сейілхан да дәм татып келді.

Елімізге келетін шетел президенттерінің ресми кездесулерінен бөлек, олардың тамақтануы да бірнеше ай бұрын келісіп таңдалады. Тіпті Ақордаға қонақ боп келген мемлекет басшыларына қай уақытта не ұсынылатыны протоколға алдын-ала енгізіледі. Енді бұдан-былай президенттердің ас мәзірі ешкімге құпия емес. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде алғаш рет жарық көрген «Астананың ақ дастарханы» деп аталатын кітапта Елордаға ат басын бұрған  мәртебелі меймандардың не ішіп жейтіні  жазылған.

-Саяси элитаның өз тамақтану әдебі бар. Бұл шетелдің ресми делегация мүшелеріне жайылған дастархан. Кешкі асқа ыдыс аяқ та сай таңдалған.Сол жақтан шанышқы,оң жақтан пышақ. Бокалға қызыл ал  шағындауына ақ шарап. Ал мынаған таза су құйылады. Протокол бойынша, тағам бір секундқа да кешікпеуі тиіс.

Президент, министр, жалпы ресми делегацияға алдын-ала тексеруден өткен, дәруменге бай, мейманның қалауы бойынша тамақтың сан түрі қойылады. Ал тіл үйірер ас қонақтарға мынадай қазақтың елтаңбасы бейнеленген ыдыспен беріледі. Сорпа, салат, шырын, түрлі тәттіден бөлек,  таңдаулы мәзірге бауырсақ,  ет, жент пен құрт  кірген. Бүгін элитаға қызмет көрсететін таңдаулы даяшылар шарапты қалай құю керектігін көрсетіп, кітаптың тұсаукесеріне келгендерге құймақ пісіріп берді.

Президент іс басқармасы жарыққа шығарған  кітаптағы дәмді асты мақтаушылар да көп екен.Тіпті оның қалай әзірленетінін сұраған шетелдік қонақтар да  кездесіпті. Осы кітап авторларының  бірі Назарбаевтың 7 жыл жеке аспазы болған  Артем Канцев оның сүйікті тағамдарын атады.

Артем Канцев, Президент іс басқармасы «Қараөткел» РМК директорының орынбасары:

-Жасыл салат, сүзбе және сұлы ботқасы президенттің сүйсініп жейтін  таңғы асы. Жалпы, мемлекет басшыларына қызмет көрсету үлкен жауапкершілік. Бәрі мінсіз болуы тиіс.

Шет мемлекеттердің басшылары өзімен бірге азық-түлігін әкелгенімен, оны Ақорданың  аспаздары әзірлеп береді. Сондай-ақ, дастарханда отандық өнімнің көп болуына басымдық беріледі екен. Денсаулыққа пайдалы тағам енген кітап 2 мың данамен шыққан. Жақында сауда нүктелеріне түсетін кітапты жұрт сатып алып, ВИП-шенеуніктер жеп  жүрген  тамақты үйінде отырып-ақ  пісіре алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде