{metadescription}
0:000:00
Петропавлдық жетім қыз шенеуніктердің берген  пәтерін мал қораға теңеді

Петропавлдық жетім қыз шенеуніктердің берген пәтерін мал қораға теңеді

Пайдасы жоқ қайырымдылық! Теріскейлік шенділердің жетім қызға берген баспанасы мал қорадан бетер болып шықты. Есік терезесі жоқ, жартылай жанып кеткен үйде адам тұруы мүмкін емес. Ал бір айдан кейін бала сүйгелі отырған Татьяна Торгашованың пәтерді өз күшімен жөндеуге шамасы жоқ. Оның үстіне даулы баспананың тіпті құжаттары да дұрыс болмай шыққан.

-Әкім қараусыз қалған  17 пәтер деген...

Сол 17 пәтерден жетім қыз бен оның азаматтық некедегі еріне  бұйырғаны осы баспана. Бұрынғы иесі өрттен тұншығып өлген пәтер бір жыл бойы қаңғыбастардың жын-ойнағы болған. Теш түгілі есік-терезесі де жоқ. Алғаш рет үйді көргенде, жүкті келіншек шарасыздықтан жылап жіберіпті.

Татьяна Торгашова, балалар үйінің түлегі:

-Соншама үмітпен келген көңілім мына сұмдықты көріп су сепкендей басылды. Ал әкімдіктегілер мені бір-екі күнде көшесіңдер деп сендірді ғой. Бір айдан кейін босанамын. Нәрестеге де қанша шығын кетеді. Пәтер жөндеуге мүлдем шамам жоқ.

Татьяна қазір декреттік демалыста. Жолдасының табысы екі жастың ас суынан артылмайды. Келіншек 4 жылдан бері балалар үйінің түлегі ретінде Қызылжар ауданында пәтер кезегінде тұр. Алайда одан қайыр болмайтынын түсінген ол босанатын уақыты жақындаған сайын шенеуніктерді жиі мазалай бастаған. Жүкті келіншекті аяған аудан басшыларының берген үйінің сиқы осы. Тіпті қорадан бетер үйдің құжаты да жоқ екен.

Нұрлан Телтаев, Бескөл ауылдық аймағының әкімі:

-Мен оған бұл баспананы жай ғана көрсеттім. Бос үйлердің бәрі осындай. Оның үстіне пәтер иесінің мұрагерлері де табылып қалуы мүмкін. Қазір сот арқылы бұл мәселені шешкелі жатырмыз.

Сондықтан Татьяна бұл баспананы жөндегеннің өзінде ертең мұрагерлері оны далаға қуып шығуы әбден мүмкін. Қазір жетімдер үйінде  табысқан жастар қаладағы кеңселердің бірінде бөлме жалдап тұрады .   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде