Алматы облысында Өзбекстан азаматтары теңгені қолдан жасап келген
Елімізде еңбек етіп, нәпақасын құрылыстан табатын гастербайтерлер енді теңгемізді қолдан жасауда. Алматы облысында осындай Өзбекстан азаматтары 2 мыңдық жалған купюралармен ұсталды. Көрші елден келген екі жігіт бір үйді баспаханаға айналдырып, ақшаны кәдімгі түрлі-түсті принтермен басып шығара беріпті. Осы қулығын іске асыру үшін екі ай бойы дайындалған. Үйлерін тексеру барысында екі принтер мен жарты миллион теңгедей жалған ақша табылды. Сапасы төмен 2 мыңдық банкноттарды шетелдік пысықайлар көбіне базарлар мен кішігірім дүкендерге өткізіп отырған.
Автор: Ербол Тұрымбет
22.06.2015
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!