{metadescription}
0:000:00
Алматыдағы Әл-Фараби атындағы университет бухгалтерлер жеген ақшаны студенттерден өндірмек

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы университет бухгалтерлер жеген ақшаны студенттерден өндірмек

Алматыда 200-дей студент дипломсыз қалайын деп тұр. Аты дардай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін әне-міне бітіргелі жатқан шәкірттер күтпеген жерден оқу ордасына 120 миллион теңге қарыз боп шыққан. Сөйтсе, олардың төрт жыл бойы құйып келген қаржыны оқу орнының 3 бірдей бухгалтері жымқырыпты. Ал тұмсығының астында болып жатқан былықты жылдар бойы білмеген университет басшылығы енді ақыны студенттерден талап етіп, дипломдарын бермей қойған.

Әсел Қыдырбай өзі бітіргелі жатқан жоғары оқу орнына қыруар ақша қарыз екенін естігенде талып қала жаздаған. Университет оның екінші курстан бері бір тиын төлемегенін айтыпты.

Әсел Қыдырбай, әл Фараби атындағы ҚазҰУ студенті:

-Әке-шешемізбен басында барлығымыз шок болдық! Осындай бақандай Ұлттық университеттің адамдары, сырт көзге білімді, тәрбиелі, өнегелі боп көрінген адамдардың студенттерді осылай алдайды деп ешқашан ойымызға кіріп шықпапты!

Қазір ол Қазақ ұлттық университетіне 1 миллион 260 мың теңге қарыз. Жылына 420 мың теңге төлеп келген студент енді соны дәлелдей алмай отыр. Өйткені ақшаны жымқырған бухгалтерлер Әсел секілді 200-дей студентке жалған түбіртектер таратып келіпті. Сөйтіп, Жоғары оқу орнынан 120 млн теңгенің жоғалғаны сонау желтоқсанда әшкереленген. Ашулы студенттер бүгін дипломдарын әрі мән-жайды түсіндіруді талап етіп, ректоратқа басып кірмек болды. 

Бірақ күзет студенттерді маңына да жолатпады. Қайта жаңадан келіп жатқандарды шошытпаңдар деп есік алдынан қуып шықты.  

-«Кіргізбе» деген бұйрық берілді. Кім бұйрық берсе де мемлекеттік мекеменің есігін жабуға қандай қақыларың бар?

Сөйтсе, шынында да мүйізі қарағайдай мекені 3 бухгалтер алдап кеткен екен. Содан өзіміз зардап шегіп жатырмыз деген университет басшылығы алаяқтар туралы 7 жыл бойы білмей келген.  

Дархан Ахмед-Заки, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры:

- Бұл тұлғалар 2008-ші жылдан бері осы қылмыстық жолды таңдап алған екен. Шынымызды айтсақ, ректорат тарапынан біз оны білген де жоқпыз! Алғашқы рет айқындалған, кезде өзіміз аң-таң болдық!

7 жыл бойы желінген қаржы білмедік дегенге енді тергеушілер түгілі, баланың да сенбесі анық. Десе де университет басшылығы жоғалған ақшаны бәрібір де студенттерден өндірілмек. Өйткені түлектер жалған түбіртектермен жүрген. Яғни ақшаны төлегені жөнінде дәлел жоқ. Ал ақшамен қашқан 3 есепші ұсталып, қазір тергеу абақтысында жатыр. Тек бұл тергеудің оқуы заякеткелі тұрған қыз-жігіттерге пайдасы тие ме, ол жағы белгісіз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде