Назарбаев тұзы шығып жатқан жерді орманға айналдырған Қызылорда тұрғынын мақтады
0 1374

Назарбаев тұзы шығып жатқан жерді орманға айналдырған Қызылорда тұрғынын мақтады

Автор: Жаңалық Ахаш
20.10.2015
Президент соры мен тұзы шығып жатқан аймақты көгалдандырған қызылордалық тұрғынның кәсібіне таң қалды. Жер емген бағбан шағын ғана шаруашылықтың аядай жеріне тал-теректің түр-түрін егіп, нағыз орманға айналдырыпты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Ағаш өспейтін, ылғи тұзы, соры шығып жатқан жерге мынандай орман өсіру деген қандай керемет. Дәл осындай адамдарды мақтау керек. Себебі Астананың төңірегінде де ағаш өспейді, орман өспейді деп, қандай орман өсті? 70 мың гектар орман өсіп тұр.

Қызылорданың топырағын кез-келген ағаш жерсінбейді. Қолайсыз климатының кесірінен тек шөлге шыдамды қарағашты көресің. Бірақ қала іргесіндегі қосалқы шаруашылық елімізде сирек кездесетін тал-теректерді будандастырып, көше бойына отырғызып қойған. Қызылордаға осы сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті диқандарды да табысымен құттықтады. Сыр өңірінің шаруалары қаншама жылдан соң бірінші рет биыл күріш жинаудан рекорд жаңартыпты. Олар әр гектардан 50 центнерден астам өнім алған.

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Загрузка...

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.