Дағдарыс қалталыларды да қыса бастағандай. Бай-бағыландар небір қымбат көліктерін сатуға шығарып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде бағасы 100 мың доллардан асатын жүздеген темір тұлпар сатылымда тұр. Дегенмен сұраныс мүлдем жоқтың қасы дейді мамандар.
Ақшадан қысылған Алматының байлары қымбат көліктерін сатып жатыр
Ақшадан қысылған Алматының байлары қымбат көліктерін сатып жатыр
0 1989

Сатылымға түскендердің бірі қымбат тастармен көмкерілген мына «Бентли». Басында қара түсті болыпты. Бірақ, машинасының көркін арттыруға көңілі ауған қыз 1 миллион 200 мың хрустальды түйіршік таспен көмкеріп шығу үшін арнайы дизайнер жалдаған. Көліктің көз тартарлығы сонша, көшедегілердің қайсысы да көз сүзбей өте алмайды. Мұндай ерекше көлік биылдыққа екінші рет саудаға түсіп отыр. Айта кетейік, қаңтар айының ортасында сыртына түгел жылтыр тастар жапсырылған Мерседесті иесі саудаға шығарған еді. Бұл жолғы Бентлиді сатуға да дағдарыс себеп болыпты.

 Елизавета Ахриева, көлік иесі :

-Девальвацияға дейін қоңырау шалушылар көп болды. Көбі бизнесмендер. Әйелдеріне алып бергісі келді. Бірақ, бартерлік саудамен жерге, үйге алмастыруға ұсыныс жасады. Қазір бұрынғыдай емес, қызығушылар азайып кетті.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.