Франция Әблязовты Қазақстанға экстрадициялауы мүмкін
0 1780

Франция Әблязовты Қазақстанға экстрадициялауы мүмкін

Автор: Жәудір Оразхан
08.02.2016
Көп асқанға бір тосқан. Франция Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтарып беруі мүмкін. Ол үшін еліміздің Бас прокуратурасы бір топ сарапшыны Парижге жібермек. Отандық прокурорлар қашқын банкирді  экстрадициялауға қатысты  екіжақты келіссөз жүргізуге дайындалып жатыр.

Иоганн Меркель, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

-Үлкен жұмыстар атқарылуда. Жақын күндері сарапшыларды Парижге жібереміз. Біздің мамандар екі ел арасындағы үш келісім бойынша жұмыс істеуі тиіс. Әзірге Франция қарсылық білдірген жоқ, келісім беруі керек.

Астана мен Париж құқықтық көмек, экстрадиция және сотталған азаматтар жазасын  елде өтеу үшін қайтару сынды үш мәселені талқылайды. Өйткені қазір екі ел арасында мұндай келісім жоқ.  Сондықтан, Франция соты Мұхтар Әблязовты Ресейге  қайтарып беру туралы шешім шығарған еді. Ал қашқын банкирді Мәскеуден өзге Қазақстан мен Украина да экстрадициялуға өтініш білдіріп отыр. Экс-банкирге  үш мемлекеттің де құқық қорғаушылары  «алаяқтықпен айналысты, жалған құжат жасады, қыруар қаржы жымқырды»  деген айыптар тағып отыр. 

Өз логиніңізбен кіріңіз.


Логин:

Пароль:

 

Регистрация   Забыли пароль?

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР

Загрузка...

Приносим свои извинения,

у нас нет прав на вещание данной программы за пределами Республики Казахстан.

Пожалуйста заходите позднее.