Сырқат балалардың ақшасына пәтеріне жөндеу жасатқан
Сырқат балалардың ақшасына пәтеріне жөндеу жасатқан! Ватиканда белді кардиналдардың бірі, бұрынғы мемлекеттік хатшы Тарчизио Бертонеге қатысты жанжал шығып жатыр.
Автор: Аруна Ортай
01.04.2016
Жұрт табанын жерге тигізбей жүрген қардинал ауру бүлдіршіндерге берілген садақаға үйінің сәулетін арттырып, вип-терасса салдырып алған. «Эспрессо» басылымының мәліметінше, ақша «Иисус сәбилері» ауруханасының қайырымдылық шотынан алыныпты. Зәулім сарайдай пәтердің жөндеу жұмыстарына бас-аяғы 300 мың еуро жұмсалған. Кардиналдың өзі қаржыны қалтамнан шығардым деп ақталуда. Егер Бертоненің сырқат балалардың қайыр-садақасына қол салғаны дәлелденсе, кардинал ғана емес, бүкіл Ватикан діндарлары абыройдан жұрдай болғалы тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!