Қарағанды облысында 29 жастағы жігіт полицейдің оғына ұшып көз жұмды
Араққа тойып ап, тап берген 5 жігітті сабасына түсірмекке ауаға атылған оқ, олардың біріне тиіпті. Жерден тұра алмай жатқан жігітті оқиға орнындағылар таспаға түсіріп үлгерген. Қиналып жатқан оның бүйіріндегі жарақаты анық байқалады. Жедел ауруханаға жеткізілгенмен, ақыры есін жимастан жан тапсырды. Қалған төртеуі қамауға алынған. Ал полицейлер түн ортасында ауылдың бес жігіті өздеріне тап бергенін айтып отыр. Ескерту ретінде атылған оқ марқұмға тиді депті. Қазір тәртіп сақшыларының бұл уәжін ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеріп жатыр.
Автор: Саят Сабдалы
25.04.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!