{metadescription}
0:000:00
Қасымов елде қылмыстың көбеюіне негізгі себеп ретінде жұмыссыздықты атады

Қасымов елде қылмыстың көбеюіне негізгі себеп ретінде жұмыссыздықты атады

Қазақстанда қылмыс көбейіп бара жатыр. Әсіресе, көшеде жасалатын тәртіпсіздік артқан. Яғни, қарапайым адамдарға тура орталықта шабуыл жасалып, тоналуда. Әсіресе Астана, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдай алаңдатарлық. Тағы бір айта кетерлігі – қарақшылықпен айналысатындар ішінде мектеп оқушылары көбейген. Сабақ оқып, білімін жетілдірудің орнына жеткіншектер көше тәрбиесін алып, кісі өлтіруге дейін барып жатыр.  Ал Ішкі Істер министрі мұнымен жалғыз полицейлердің күресуге күші жетпей жатқанын ашық мойындады.

Соңғы кездері жұртты дүрліктірген терактілер мен жантүршілерлік қанды оқиғалардан кейін Ішкі істер министрлігінің сылбырлығына қатысты көп сын айтылған. Сондықтан қыспаққа тап болған еліміздің бас полицейі Үкімет отырысында Қазақстанда қылмыстың неліктен күрт көбейіп кетуін түсіндіруге барынша тырысып бақты. Қасымовты әсіресе, қылмыскерлер арасында оқушылардың артуы шошындырып отыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Жасөсіпірімдер ұрлық, қарақшылық жасап қана қоймай, кісі өлтіріп жатыр. Соңғы жылда ауыр қылмыс істейтін жеткіншектер қайта көбейіп кетті. Әсіресе, қылмыс Астана, Алматы қалалары,  Атырау,  Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында көп.

Қылмыс арамшөп сияқты. Бірін жұлсаң екіншісі шығады. Ал онымен күресуге жалғыз полицейлердің күші жетпейтінін бүгін Ішкі Істер министрінің өзі мойындады. Оның үстіне қаптаған камералардан да қорықпайтын педофилдер тура көше ортасында ұл-қызды зорласа, қарақшылар тапа-тал түсте үйінен, жұмысынан шыққан адамдарды тонап жатыр. Алайда барынша ақталып баққан Қасымовтың есебін премьер аса жақтырған жоқ. Полицейлердің жұмысына көңілі толмаған Сағынтаев қылмыстың алдын алуды америкалық шерифтерден үйренуге кеңес берді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Жақында бір жерден оқыдым, Нью-Иоркте мобильді қосымша бар екен. Онда қала, облысты қойып, әрбір ауданға дейін қылмыстық ахуалдың қандай екені көрсетіліп тұрады. Бұл туристер үшін де қолайлы. Қонақ үйге орналасарда тыныш қауіпсіз ауданды қосымшадан іздеп тауып алса болады.

Бұл реформаны жүзеге асырмас бұрын тәртіп сақшыларының өзі тәртіпті болуы керек. Бүгін Ішкі Істер министріне Алматыда көлігінде отырып дәрет сындырған қызметкерінің қылығы үшін де ақталуға тура келді.

«Полицейлердің бәрі бұндай емес» деп құтылған ол қылмыстың көбеюіне алькогольді айыптады. Өйткені дүкендерде 9-дан кейін арақ сатуға тыйым салынса да, ережеге бағынатын сатушылар аз.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Бейімдеу орталықтары мен айықтырғыштарды көбейту керек. Ал жалпы қылмыстың белең алуына ең әуелі жұмыссыздық себеп. Сондықтан жастарға және түрмеден шыққан азаматтарға жұмыс тауып беру қажет.

Қылмысты ғана  емес, Ішкі Істер министрлігі жантүршігерлік апаттарды ауыздықтай алмай отыр. Күре жолдарда қырылған жолаушылардың саны Сириядағы соғыстан өлгендерден көп. Әсіресе, Оңтүстіктің жолдарында үлкен-кіші жүгенсіз жүргізушілердің кесірінен жер жастануы азаяр емес.

Мұндай сорақылықтың алдын-алу үшін Білім министрі алғашқы әскери дайындық сабағына жол ережесі пәнін қосып оқытуды ұсынды. Алайда  оқушылардың тағы миын ашытқаннан ештеңе шықпайды дегендер де табылды. Ал Ішкі Істер министрі ұры-қары мен қарақшыларды ізін суытпай ұстау үшін көшелердегі камералардың санын көбейту керек деп отыр. Бірақ, бұған да бюджеттің миллиондары керек. Қасымов жаңа технологияның мақтауын асырғанымен, баскесерлер оны айналып өтудің жолын әлдеқашан тауып алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде