{metadescription}
0:000:00
Күлікбаев қанды қылмысын «дінсіздермен күрес» деп атады

Күлікбаев қанды қылмысын «дінсіздермен күрес» деп атады

Алматыда қырғын жасаған Күлікбаевқа қатысты сот тағы айқайға ұласты! Бүгін куәгерлер қанды қылмыстың басы туралы полицияға алдын ала хабарлағанын айтқан. Яғни, лаңкес күні бұрын бір жезөкшені өлтіріп, артынша түнімен қаланы қарумен кезіп жүріпті. Бірақ оның ізіне сол күйі ешкім түспеген. Мұны естіп жәбірленушілердің қаны басына шапты. Оның үстіне Күлікбаевтың бүгінгі қылығы да көптің ашуын туғызды. 10 адамның өмірін қиған айыпталушы соттың сөзін естімегенсіп, тіпті орнынан да тұрған жоқ. Ал қанды қылмысын «дінсіздермен күрес» деп атады.

-Күлікбаев, тұрыңыз! Күлікбаев, тұрыңыз!

-Тұр орныңнан !

-Күлікбаев!  

Руслан Күлікбаев бүгін де соттың әбден жүйкесіне тиді. Сөйлегендердің сөзін әдейі естімегенсіп, қаралы отбасылардың отырғаны да оған әсер еткен жоқ. Есесіне, айыпталушылардың бұл қылығы марқұмдардың туыстарына қатты батып, көбі куәлік бергелі жатып жылап жіберді.      

-43 жасында, туған күніне 6 күн қалғанда қайтыс болды.

Жақсы, қайғыңызға ортақпыз отыра беріңіз.

Ал Күлікбаев қару кезеген жүргізуші болса, тіпті әлі күнге дейін одан  сескенетін сыңайлы. Өйткені лаңкестің қанша мәрте оқ атқанын куәгер есіне еш түсіре алмады.       

-Неше рет атты?

-Оны білмедім.

-Мен қорқып қалдым.

Есесіне, басқа таксиші барлық жайтты жайып салды. Сөйтсе, Күлікбаев атыстан бір күн бұрын көліктің ішінде жезөкшені атып өлтіріпті. Ал мәйітін көлікпен қоса ала кеткен. Автокөлік иесі дереу полицияға хабар бергенімен, ол түні Күлікбаев табылмаған.            

-Күндізгі сағат 11-де болған мына оқиға. 11-ге дейін не істеген?

-Полицейлер жұмыс істемеген.

-Жәбірленуші отырыңыз!

-Менің балам бекер өлді!

Мәлік Нұрмаханбетов, марқұм Б.Нұрмаханбетовтың әкесі:

-Әйелді түнгі сағат үште атып тастады.Ішкі Істер министрлігі қайда қараған? Күндіз бүкіл қаланы қырып тастаса да «қой» деген адам болмаған.  Ешкім жазаланған жоқ. Жазаланған полицей болса көрсетіңдерші маған? Ішкі Істер министрі  Қасымовтың баласын атып тастаса, Қасымов қимылдайтын еді!                    

Осылайша қаза тапқан полицейлердің туыстары басшылықтың да жауапқа тартылуын талап етті. Әсіресе, атқыштың алдын орай алмаған Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы жазалансын деп отыр. Ал Күлікбаевтың қылығына әрең шыдаған марқұмдардың аналары сотта оған ату жазасын сұрады.

Бақыткүл Жексенбиева, марқұм Ж.Келдібаевтың анасы:

-Күлікбаев мазақ қылып отыр.  Сотты тыңдамайды. Орнынан тұрып жауап та қатпайды. Ату жазасын берсе екен деймін. Түрмеде отырса бұл тыныштық бермейді. Жастарды құртады бұл.

Ал Күлікбаевтың өзі істеген ісіне еш өкінген жоқ. Сақшыларды қалай өлтіргенін жіпке тізгендей баяндап, мұнысын тіпті дінсіздермен күрес деп отыр.

Руслан Күлікбаев, сотталушы:

-Не үшін өлтірдің?

-Себебі, Алла жолына қарсы болды бұлар. Өйткені, қаншама мұсылман бауырларды қинап жатыр.

Соттың ауыр тигені сонша, жәбірленушілердің біразы келмей де қалған.

Тіпті олар айыпталушының көзін де көргісі жоқ. Оққа ұшқан 10 адамның әрқайсысының артында 2-3 баладан қалды. Тергеу абақтысының өзінде өтіп жатқан сотта Күлікбаевпен қатар оның 5 бірдей сыбайласы жауап беруде. Тергеу мәліметі бойынша, олар құрған қылмыстық топ қару-жарақ сақтап, екі жылдан бері пәтер тонаумен де айналысқан екен.       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.