{metadescription}
0:000:00
Түркістанда емделушілері туберкулез жұқтырған мекеменің басшылары түгел жұмыстан қуылды

Түркістанда емделушілері туберкулез жұқтырған мекеменің басшылары түгел жұмыстан қуылды

Түркістандағы жаппай туберкулез жұқтырған психоневрологиялық емдеу мекемесінің басшылары түгел жұмыстан қуылды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі хабарлады. Онсыз да ақыл-есі кем жандарға туберкулез бір науқастан жұғыпты. Ал мекеме қызметкерлері мұның алдын алмақ түгілі, қарапайым тазалықтың өзін сақтамаған.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Бұл әлеуметтік-медициналық мекемеде эпидемиологиялық ережелер мүлдем сақталмаған. Сол үшін залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Және осы жәйтке байланысты басшыларын да жұмыстан шығардық.

Қаңтар айында пациенттерді жоспарға сай тексеру кезінде мекемеде өкпе құртын жұқтырған 7 емделуші анықталған. Жағдайды жоғарыға баяндап, Астана мен Шымкенттен келген арнайы комиссия 502 пациенттің 61-не аталмыш дерт жұққанын, ал оның жартысы ашық түрімен ауыратынын біліпті. Тіпті, 3-уі осы аурудан көз жұмған. Қазір науқастардың барлығы арнайы мекемелерде ем қабылдауда. Ал, еліміздің бас санитары мен вице-министр бастаған мамандар мәселені майшаммен қарап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде