{metadescription}
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Мәртөк ауылының маңында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққыған екі машинаның да сау-тамтығы қалмапты. Ішіндегі жолаушыларды күре жолдың бойына тоқтаған басқа жүргізушілер шығарып алды. Ладаны тізгіндеген жігіт оқиға орнында тіл тартпай кеткен екен. Ал жарақат алған 6 адам, оның ішінде 8 жасар қыз бар, қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тым ауыр дейді дәрігерлер.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.05.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!