{metadescription}
0:000:00
Алматыда ашынған жұмысшылар ақысын жеген басшыларын іздеп таба алмай жүр

Алматыда ашынған жұмысшылар ақысын жеген басшыларын іздеп таба алмай жүр

Еш кеткен еңбек. Алматыда 30-ға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр. Айтуларынша, Арбаттағы субұрқақты жөндеп, аяқтауға қалғанда мердігер компания сыныққа сылтау іздеп оларды қуып шыққан да, орындарына басқа бригаданы кіргізген. Ал бұрынғылары сол күйі көк тиынсыз қалыпты.

Маңдай терін төгіп, қылған еңбектің ақысын ала алмай, тауы шағылған жұмысшылар шарасыздықтан не істерін білмей дал. Арбаттағы бұл субұрқақты жөндеуге олар шілденің ортасы кірісіпті. Келісім бойынша, барлық жұмыс қыркүйектің басында бітуі тиіс екен. Бірақ, уақыты үлгере алмапты. Еңбек дауына да сол себеп болған. 

Ораз Бекенғалиев, бригадир:

-Басында басталған уақытта жарық болған жоқ. Басқа жақтан тартуға мәжбүр болдық. Оған да ақшаны өзіміз төлеп шықтық.

Істің насырға шапқанына, ешкімге керексіз болып қалғандарына жұмысшылардың бүгін көздері жетті. Ал олардың орындарын «дайын асқа тік қасық болған» өзгелер басқан. Яғни, мерзімді созған мердігер компания қалған аз-кем жұмысты бітіруді басқаларға тапсырыпты.

-Адамдарыңды әкеліп қойып қойдың,  бетің былшиып алып. Ұят емес пе? Біреудің еңбегін жеп отырсың.

Ал, «Сұлу төр» мердігер компаниясының басшылығымен байланысу мүмкін емес. Тіпті базыналарын осында келіп тыңдаймын деген уәдесін де орындамады. Амалдың қалмаған жұмысшылар араша сұрап, Алмалы аудандық әкімдігінің есігін қақты.

Дастан Қайрат Алмалы ауданы әкімінің орынбасары:

-Қолға аламыз, бақылауға аламыз барлығын. Арбаттың бойында күнде жүрміз. Таңертен келеміз, жұмысымыз сол жерден басталады.

-Бір жарым ай бойы төгілген маңдай терлерінің ақысын алмайынша, жұмысшылар өліспей беріспейміз деп отыр. Әкімдік, әзірге жағдайды жақын арада шешеміз деп мәселенің тігісін жатқызды. Бірақ, түйіткілдің түйіні тарқамаса, ашынған жұмысшылар базыналарын сотқа дейін жеткіземіз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде