Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстау облысының жұртын тақырға отырғызған алаяқ келіншек ұсталды
Маңғыстау облысының жұртын тақырға отырғызған алаяқ келіншек ұсталды. 30 жастағы Өзбекстанның тұрғыны 20-ға жуық адамды өңірдегі ірі мұнай компанияларына жоғары жалақылы жұмысқа тұрғызамын деп қалталарын қағып алған. Сөйтіп, өзі ізім-қайым жоғалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
17.10.2017
«Қызмет» деген аты дардай болып айтылғанымен, күдікті көбіне аспаздың көмекшісі, құрылысшы сынды қарапайым жұмыстарды ұсыныпты. Әрі оған кезексіз және еңбек өтілінсіз тұрғызамын деген. Өзі осы делдалдық еңбегі үшін 22 мың мен 650 мың теңге аралығында ақша алатын болыпты. Медициналық тексеру мен әңгімелесуден өткізу құны тағы бар. Бір қызығы, 20-ға жуық адамды жұмыспен жарылқауға уәде берген күдіктінің өзі аймақтағы бірде бір мұнай компаниясында еңбек етпейтін әрі бұрын да істемеген болып шықты. Ұсталған келіншек жасаған қылмысын толық мойындады. Енді ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram