{metadescription}
0:000:00
Қызылорда облысында жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты жанжал шықты

Қызылорда облысында жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты жанжал шықты

Қызылорда облысында дәрігерлер жаңа туған нәрестені өлімнен арашалай алмады. Төрт күн бойы жүрегі соғып жатқан ұл бала ақыры шетінеп кеткен. Немересінен айрылған Жантаевтар әулеті бұл жағдайға дәрігерлерді кінәлап отыр. Ақ халаттылар болса керісінше, босанған келіншектің өзін ажалдан құтқарып қалдық дейді. Дегенмен ол әлі де жансақтау бөімінде. Айта кетерлігі, өткенде апатқа ұшыраған санавиация ұшағын күтіп жатқан Шымкенттегі келіншек көз жұмған болатын. Ол да осы әулеттің жақын туысы екен. Қайғылы отбасы арада ай өтпей немересінен айрылып отыр. Ал қайғылы оқиғадан кейін перзентхана...

ңгерушісі жұмыстан қуылыпты.

Қайғылы оқиға осыдан он күн бұрын Қызылорда облысының Шиелі ауданында болды. Жантаевтар әулетінің келіні Айбану үшінші баласын босанбақ болып осында келген. Туыстарының сөзіне қарағанда жүктіліктің айы-күні толған шағы екен. Алайда, күткен қуаныш қайғы болып тиген.

ГҮЛЗИРА ЖАНТАЕВА, НӘРЕСТЕНІҢ ӘЖЕСІ:

- Алты жарымда босандырып алды. Ішін басқан, уже матка жыртылып кеткен. Содан қан тоқтамай, бала жыламай шықты. Қырық аптада туылғаннан кейін денсаулығының мықтылығының арқасында жүрек соғып жатты 4 тәулікке дейін. Қазіргі таңда шетінеп кетті бала. 16-сы күні шетінеген. Кешкі сағат 8-де. Айтпаған бізге.

Шиелідегі нәрестенің шетінеуі аудан түгіл облыс басшылығын алаңдатып отыр. Өйткені, дәл осы ана мен бала өлімі көрсеткіштері былтыр 40 пайызға шамалас болса, биыл 8,5 пайызға дейін төмендетіп, жағдайды бақылауда ұстап отырған шақтары екен. Ал мына жағдайда не бала жоқ, ал келіншек енді құрсақ көтере алмайды. Бірақ, дәрігерлер жағдайды басқаша баяндады. Айтуларынша, жатырдан қан кетіп, әйелді әзер дегенде құтқарып қалыпты.

БАҚТЫГҮЛ МҰСАҒАЛИЕВА, ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Босану кезінде ерте қан кету деген диагноз бар. Сол басталған. Ерте қан кету болғанда, жатыр жиналмай, жиырылмай қалған. 01:53:12 Өзіміздің акушер-гинекологтар операция жасап, науқастың, әйелдің жанын алып қалу мақсатында жатырын алып тастады.

Айта кетсек, осыдан 20 күн бұрын Алматы облысында санавиация ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ішіндегі екі дәрігер Шымкентте хәл үстінде жатқан келіншекті құтқаруы тиіс еді. Бірақ, борт апатқа ұшырап, дәрігерлер қаза тапты. Екінші рет жіберілген білікті мамандар да көмектесе алмай, науқас беті бері қарамастан көз жұмған. Сол келіншек те осы Жантаевтар әулетінің жақыны екен. Ал шақалақтың өлімінен соң Шиелі аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ақзияш Күздібаева жұмысынан қуылып, қазір тексеріс жүріп жатыр.

Жуырда ғана жақын туысын жер қойнына тапсырған Жантаевтар әулеті енді араға бір ай салып туған немерелерінен айрылып отыр. Келіндері Айбану Ахет қазір Шиелі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде. Бүгінде облыстан шақыртылған сарапшылар оқиғаны бүге-шүгесіне дейін тексеруде. Кімді қандай жаза күтіп тұрғаны тек соның қорытындысынан кейін ғана белгілі болмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде