{metadescription}
0:000:00
Париждегі қымбат пәтерді сатқан шетелдік риэлторға Қазақстаннан қыр көрсетушілер көбейген

Париждегі қымбат пәтерді сатқан шетелдік риэлторға Қазақстаннан қыр көрсетушілер көбейген

Шешімі жоқ жұмбақ! Париждің қақ ортасынан елде жоқ пәтер сатып алған байдың аты-жөнін анықтау әлі мүмкін болмады. Бір баспанасының өзі 25 миллиард теңге тұратын қалталыны білу үшін еліміздің құзырлы органдары бельгиялық риелторға қоңырау шалған.

Ал, біздің жомарттың үлкен саудасына көмектесіп, өзі де мол пайдаға кенелген брокер бұған аң-таң. Онсыз да соңғы күндері қазақстандық миллиардердің кім екенін білгілері кеп, мазасын алушылар көбейген. Ал, Қазақстанның салық органының қоңырауын күтпесе керек. Олар тіпті алдын ала хат жазбай , бірден қоңырау шалуларын Игнас Мювиссен мәдениетсіздікке балап отыр. Яғни, Парижден пәтер алған отандасымыздың аты-жөнін бейресми түрде біліп алмақ екен. Айта кетсек, қазақстандықтың Елисей алаңының түбінен 65 миллион еуроға пәтер алғаны өткен аптада белгілі болған. 1200 шаршы метрлік зәулім үйдің терезесінен оқ та өтпейді. Бұған қоса, жұмбақ кісі премиум класстағы 4 Мерседес алған. Бастапқыда бұл сауданы жасаған Үкімет мүшесі екені айтылған. Бірақ, бұған сол үкіметтегілер сенбейді. Тіпті, мұны өсек дегендері де табылды. Ал, риелтордың өзі қалталының есіміне келгенде жұмған аузын ашпай отыр. Сондықтан, сан мыңдаған адамның көкейіндегі сұрақтың жауабын естиміз бе, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Игнас Мювиссен, брокер:

- Клиенттің атын жарияламауға құқығым бар. Ал, дәл қазір Қазақстан құрылымдарының меннен ол туралы сұрауға құқығы бар-жоғын білмедім. Егер әлденеден күдіктенсе, дәлелі болуы керек. Дегенмен, мен мүлікті шетелде саттым. Пәтерді Қазақстан аумағында сатсам ғана бірдеңе сұрауларына болар еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде