{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде үш жетім бала қамқорлығына алған отбасынан қашып кеткен

Ақтөбеде үш жетім бала қамқорлығына алған отбасынан қашып кеткен

Олар білім бөліміндегілерге өздерінің таяқ жегенін айтып шағымданыпты. Қазір мұны мамандар тексеріп жатыр. Ал балаларды асырап алған Светлана Мусина қашып кеткен үшеудің үлкені Арсеннің қылығынан шаршағанын айтады. Себебі, қолының сұғанақтығы бар бұл баланы күнара тәртіп сақшылары ұстап алады екен.

Ағайынды Арсен мен Каринадан әке-шешесі бас тартқан. Жетінші сыныпта оқитан олар өздерін асырап алған отбасыдан жасы кіші Аленаны ертіп қашып кетеді. Мектепке барудың орнына білім бөлімінен бір-ақ шығады. Сондағыларға уақытша асырап алған аналарының қол көтергенін айтып шағымданған.

Ақырыс Шағырова, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Ұрлық жасаған. Светлана Борисовна қол жұмсағаны үшін сондай шағым айтып келді балалар. Үйіне қайтып бармаймыз дегесін біз орталыққа орналастырдық.   

Ерлі-зайыпты Мусиндер осы уақытқа дейін өздерінің туған бес баласынан бөлек, он бір жетімді ер жеткізіп, үйлі-баранды қылған. Кейін тағы 14 баланы қамқорлығына алыпты. Отанасы Светлана қашып кеткен үшеудің үлкені Арсеннен көресіні көргенін айтады. Қолының сұғанақтығы бар бала күнара дүкенге ұрлыққа түсіп, тәртіп сақшыларына ұсталады екен. Соңғы рет ашуланып ұрысқанын айтады. Бірақ қол көтермедім деп отыр.

Светлана Мусина, қамқоршы:

-Арсенді қайтарып берсе де енді оны қамқорлығыма алмаймын. Тек қарындасы Каринаны аяймын. 20 жыл бойы қаншама жетім баланы асырап өсірдім. Аналық мейрімімді бергенімнен басқа жазығым жоқ. 

Мұны Мусиндер үйінде тұрып жатқан өзге жетімдер де растайды. Ұрмақ түгілі балаға қолының ұшын тигізбеді деп асырап алған аналарын ақтап шырылдап жүр.

Татьяна Челышева, асырап алған қызы:

-Анамыз оны ұрған жоқ, соққан жоқ. Тек ұрлық жасағаны үшін ұрысқаны рас. Бұзық баланың қылығы үшін анамыз жұртқа жек көрінішті болып отыр.

Бұған дейін Арсен мен Карина  өзге отбасының қамқорлығында болған. Мінезі қиқар ұлдың қылығына олар да шыдамай кері қайтарыпты. Енді, міне, Мусиндерге де сымай отыр.

-Қашып кеткен үш бала наурыз айына дейін кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығында болады. Сол  уақытқа дейін білім бөліміндегілер қамқорлығына алатын өзге отбасыны іздейді. Егер табылмаса, Алға қаласындағы жетімдер үйіне жібереді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде