Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда жолаушылар автобусы көпқабатты үйге барып соғылды
Болжам бойынша, «Лада калина» маркалы жеңіл көлік автобусқа жол бермеген көрінеді. Түс ауа болған жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Олардың ішінде 9 жастағы бала да бар. Абырой болғанда, ешқайсысының жарақаты ауыр емес екен. Дәрігерлер қарағаннан кейін барлығы да үйлеріне жіберілген. Ал қысылып қалған автобус жүргізушісін кабинадан шығаруға полицейлер көмектескен. Дегенмен, ол да айтарлықтай медициналық көмекті қажет етпепті. Ал жеңіл көліктің иесіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәсі дәлелденсе, тұрғын үйді де жөндеуіне тура келеді.
Автор: Жанар Низамутдинова
11.12.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!