{metadescription}
Елімізде қаңтардан бастап теміржол билеттері қымбаттайды
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының хабарлауынша, тасымалдаушы облысаралық әлеуметтік бағыттардың тарифін 7 пайызға көтермек. Қымбаттаудың тек мемлекет есебінен субсидияланатын ел ішіндегі 11 бағыт пен «Тұлпар Тальго» жүрдек пойыздарына қатысы жоқ. Олардың билет құны халықтың сұранысына қарай құбылмалы. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар да кейбір бағыттар бойынша билет бағасы 3-4 пайызға қымбаттатпақ.
Автор: Азамат Алдоңғаров
13.12.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!