Келіншегін таңертең жұмысқа алып келіп, машинасынан түскен әйелді кеңсе қабырғасына жапырып соғып кеткен.Марқұм Көкшетауда құрылыс материалдарын шығаратын ірі кәсіпорынның бас есепшісі болған. Қатты соққы алған 37 жастағы әйел сол жерде тіл тартпай кетті.
Көкшетауда күйеуі өз әйелін көлігімен басып өлтірді
Көкшетауда күйеуі өз әйелін көлігімен басып өлтірді

Көкшетауда күйеуі өз әйелін көлігімен басып өлтірді

Келіншегін таңертең жұмысқа алып келіп, машинасынан түскен әйелді кеңсе қабырғасына жапырып соғып кеткен.

Марқұм Көкшетауда құрылыс материалдарын шығаратын ірі кәсіпорынның бас есепшісі болған. Қатты соққы алған 37 жастағы әйел сол жерде тіл тартпай кетті. Баспалдақтарда қансырап жатқан бас есепшіні осы серіктестіктің жұмысшылары көрген. Жедел жәрдем шақырғанымен бәрі де кеш еді. Азаматтық некедегі әйелін соғып өлтірген БМВ Х5 көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Ол лауазымдығы қызметтегі келіншегін қасақана өлтірген.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Әйелмен өзара келіспеушілік болғанға ұқсайды. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні арнайы құрылған жедел топ  қала ішінде кешікпей ұстады.ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ

Серіктестер жаңалықтары

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.