{metadescription}
0:000:00
Шымкентте бір отбасыны түгел қырып кеткен қаскөйге іздеу жарияланды

Шымкентте бір отбасыны түгел қырып кеткен қаскөйге іздеу жарияланды

Шымкентте сұмдық жағдай! Бір отбасындағы үш адамы үйінде өлі күйде табылды. 53 жастағы әйел мен оның екі ұлын біреулер ұрып өлітіріп, артынша газды ашып кеткен. Қаскөйлер әзірге табылған жоқ. Ал құзырлы органдар әдеттегідей бұл туралы әлі тіс жармай отыр.

Сұмдық жағдай кеше кешкісін болған. Марина Брижанова мен оның қос ұлы – Александр мен Денис өз үйінде өлі күйінде табылды. Ал олардың өліп жатқанын марқұмның күйеу баласы көрген. Ол өзінің әйелі, яғни Брижанованың үлкен қызы Кристинаның туған күніне бұларды шақыру үшін келген екен.

Марқұм әйел 53 жаста болса, мерт болған үлкен ұлының жасы 21-де, кішісі бар болғаны 12 жаста. Көршілері мен таныстарының айтуынша, отбасы қарапайым ғана тіршілік кешкен. Марина зауыттардың бірінде асханада жұмыс істепті. Ал үлкені бейнекамера қоюмен айналысыпты. Сондықтан, қаскөйлер бұларды байлығы үшін қырып салды деу қисынға келмейтін сияқты. Көршілері жақсы отбасы дегеннен артық ештеңе айта алмады.

-Көрші отбасын түгел өлтіріп кеткенін учаскелік инспектордан естідік. Ол бізден көрген-білгендеріңіз бар ма деп сұрады. Бірақ, ештеңе білмейміз. Қарапайым, берекелі отбасы көрінетін. Қоңсы Маринамен ұлдары да әрдайым амандасып, көңілді жүретін. Не үшін екенін қайдан білейік. Өзіміз де есеңгіреп қалдық.

Әзірге болған жәйтті тергеп жатқан құзырлы органдар мардымды ақпарат бермей отыр. Бірақ естуімізше, үш марқұмның басынан жарақат алғаны байқалған. Кішкентайы тіпті қаскөйден қашып, диванның артына тығылған көрінеді. Оның денесін полицейлер сол жерден тапқан. Содан кейін ізін жасырғысы келді ме әлде басқа себеппен бе, қаскөй үйдегі газ колонкасын ашық қалдырған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.