{metadescription}
Дұғай сәлем: «Оңай» комиссия ала бастады

Дұғай сәлем: «Оңай» комиссия ала бастады

Өгіздей өрге сүйреген «Оңайдан» тағы бір «сыбаға». Картаның есеп-шотына терминал арқылы ақша салғанда комиссия ұстап қалып жатыр. Бұл жаңалық сабасына енді түсе бастаған алматылықтарға түрпідей тиді.  

КТК тілшісінің хабарлауынша, аталмыш комиссия төлем жүйелерінің тек біреуінде ғана жүзеге асырылуда. 

Карта жүйесінің операторы «Алматы транспорт холдингі» ЖШС-не хабарласқанымызда, «жақын арада бұл мәселенің басын ашамыз» деген жауаппен ғана шектелді.  

Белгілі болғаны, транспорт картасының шотын толтырған кезде ортақ сомадан 1% көлемде комиссия ұстап қалатын төлем жүйесі - Quickpay, яғни жолақы төлемін қабылдайтын терминалдар. Мысалы: төлем жасау үшін 500 теңге салсаң, комиссия есебіне 9,5 теңге кетеді. Демек, мың теңгеге  20 теңге. Бірақ терминал мониторында мәлімделген 1% шықпайды: сол 9,5 теңге – шамадан тыс сома.  

«Оңай» жүйесі операторының веб-ресурсы комиссия туралы тіс жармаған, одан карточканың кез келген есеп-шотын толтыру артық шығынсыз деп ұғамыз. Ал іс жүзінде басқалай болып тұр.

Quickpay кеңсесінде былай түсіндірді: «Оңай» картасын шығара бастағанда бұл компания тарнспорт картасын толтыруға қызмет көрсететін команиядардың тізімінде болмаған.Тек осы жылдың ақпан айында ғана қосылған екен. Менеджердің айтуынша, тек Quickpay  компаниясы ғана 1-пайыздық комиссия ұстайды.  

Анық болғаны, көптеген алматылық бұл өзгерістерден бейхабар. Әлеуметтік желілерде аталмыш жағдайды қалжыңға айналдыруда:

«Жалпы, транспорт қызметі үшін транспорт компаниясына төлейміз. Бұл жерде делдалдың қанша қатысы бар? 400 теңге «пластикке» бердік, енді қызмет көрсетуші «жабдыққа» да комиссия төлейміз бе? Айналайындар-ау, Заңды сақтайық, таңдау құқымыздан айырмаңдар, атам заманнан қолма-қол төлеп келдік емес пе?! Оңайдың» қожайыны кім болды екен?».

«Әкімнің кездесуі өткен соң-ақ комиссия «іске қосылған» болар. Бәлкім тұрғындарды велосипедке отырғызудың айла-тәсілі болар»,

«Велосипедке арналған жолды пайдаланғанымыз үшін карта шығармаса жарар еді».

Қысқасы, сегіз қырлы, бір сырлы «Оңай» ат сауырына мінгізбес деген үміт бар. Соңғы жаңалықтарды жеткізіп тұруға біз де сақадай-саймыз, дайын болыңыздар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.