{metadescription}
Магистрант пен докторант жеңілдіктен қағылыпты

Магистрант пен докторант жеңілдіктен қағылыпты

Алматыдағы 2566 магистрант, докторант, студенттер мен кешкі бөлімде оқитын студенттерге жеңілдікпен берілетін «Оңай» картасы бұғатталды.

Бұл туралы КТК арнасының тілшісі хабарлайды. 

Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы жоғары оқу орындарынан түскен қате өтініштер туралы мәліметті жариялады. Сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға берілген «Оңай» картасының саны да қате болып шықты.    

«Жалпы, «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС-не  Жоғары оқу орындарынан 7022  жаңсақ өтінім түсіпті. Оның ішінде холдинг мамандары қазір тек 6400 өтінімді ғана қарап үлгерді. Сол арада   оқушыларға жеңілдік санатына жатпайтын 2566  карта  берілген», - деп жазылған Басқарма таратқан мәліметте.

Анықталғаны: ҚР 2015 жыл 24 қарашасындағы №398-V (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) 1 тармақ, 1 бабындағы  (41-1,41-2,53-1)  «Білім туралы» Заңына сәйкес,  магистратура – жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі білім алу, сол себепті магистранттар жеңілдік алатын санатқа жатпайды. Демек, студенттік «Оңай» картасын пайдалана алмайды.   

Алматыда қоғамдық көлікте өзге санаттағылармен қоса, техникалық және кәсіби білім алушы оқушылар мен жоғары білім беру орындарында күндізгі оқу бөліміндегі студенттерге  жеңілдік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетсек, биыл, 2016 жылы 11 қаңтардан бастап Алматы қоғамдық көлігінде жолақыны қолма-қол төлеу (метроны санамағанда) күшін жойған. 

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде