{metadescription}
Ұры-қарылардың айла-амалы тұрғындардың діңкесін құртты – «7 континент» ТК

Ұры-қарылардың айла-амалы тұрғындардың діңкесін құртты – «7 континент» ТК

Сойқан жанжалға тап болған Астана тұрғындары бар бәле «бір топ сұмырай ұрыдан» келгенін айтады. Пәтерден қуылып жатқан «7 континент» ТК тұрғындары жанұшыра көмек сұрауда.

«7 континент» ТК тұрғыны (Астана қ.) Аида Қалеева жанжалға тап болған тұрғындардың басына қара бұлт төнгенін айтып зар қағуда. Ол КТК арнасының тілшісіне Елорданың қақ ортасында адам сенгісіз сұмдықтың орын алғанын айтады.   

Даудың басы «Нұрбанк» АҚ-ы «7 континет» тұрғын үй кешенінде сатылған пәтерлердің сатып алу мәмілесі жарамсыз деп танылсын деген өтінішінен басталған. Мәміледе тұрғын үйді сатқан – «Capital Petrol» ЖШС компаниясы. Банк оған  81 миллион доллар несие бергенін мәлімдейді. Қаражат тұрғын үйлер салу  үшін қажет болған деседі, «Нұрбанктың» айтуы бойынша, соңынан пәтерлер  кепілдікке берілуі тиіс болған.

Ал қазір «Capital Petrol» ЖШС ешқандай қарыз болмағанын айтып отыр.

««Нұрбанк» АҚ  (әрі қарай – банк) «Capital Petrol» ЖШС-нің заңсыз және алақол әрекетін мәлімдейді. Соның салдарынан   еш кінәсі жоқ «7 континент» кешенінің тұрғындары далада қалуы мүмкін. 2008 жылы «Нұрбанк» АҚ-ы «7 континент» тұрғын үй кешені  құрылысына үлескерлікпен қатысуды талап ету құқығын  сатып алу үшін  «Capital Petrol» ЖШС-не несие ұсынған болатын. Несие алған кезде тұрғын үй Кешені салынып бітпеген. Соған байланысты банк кепіл ретінде «Capital Petrol» ЖШС-нен  құрылыс аяқталған соң тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді кепілдікке беру құқығын талап етуді қабылдаған.    

Құрылыс тәмамдалған соң  «Capital Petrol» ЖШС келісім-шарт міндеттемелерін бұзып,  банкке жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде бермей, пәтерлерді заңсыз сатып жіберген.  Қазір Астана қаласының арнайы ауданаралық экономикалық соты  «Capital Petrol» ЖШС-нің «7 континент» кешеніндегі пәтерлердің сатылуын  заңсыз деп тауып, «Capital Petrol» ЖШС-гін   банкке кепілге  пәтерлер ұсынуы тиіс деп міндеттеді.   

«Capital Petrol» ЖШС-нің іс-әрекеттері заңсыз және адал емес. Соған байланысты банк «Capital Petrol» ЖШС-нен міндеттемелерді  орындап, келісім-шарт бойынша қарыздарын жабуды талап етеді. ҚР заңы бойынша, мәміле жарамсыз деп табылған жағдайда, «Capital Petrol» ЖШС-гі   заңсыз сатылған пәтерлердің барлық ақшасын «7 континент» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына қайтаруы тиіс» – дейді «Нұрбанктің» 4 сәуірде таратқан хабарламасында.

Қырсық басқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары бұл жағдайда кімнің кінәлі екенін білмей басы қатып отыр.

«Баз біреулер бізді «кескілеп», жанымызды шығарып жатыр. Пәтерді осыдан үш жыл бұрын сатып алғанбыз. Барлық құжаттарымыз дұрыс рәсімделген – Әділет министрлігі, БТИ! Мен сияқты бұнда 300 адам зар қағып отыр», - деп  Аида Қалеева мұңын шағуда.    

Қазір банк сотқа тұрғын үй жекеменшік иелері мен  тұрғын үй салушы компания арасындағы мәміленің заңсыз болғанын дәлелдеп, көзін жеткізбекші. Қалееваның ойынша, бұның арты зардапқа әкеледі.  

«Қандай қауіп төніп тұр? Адамдар өзіне қол салып, жүрек талмасымен құлайды! Ең сұмдығы, бізді сатып кетті, ең жақынымыз – Отанымыз, жеріміз, еліміз! Егер бізді қорғамаса, Қазақстан жексұрын алаяқтардың астында қалады. Бір топ сұмырай алаяқтар астыртын әрекеттерімен елді алдап соғып отыр!», - деді  Аида Қалеева. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.